Бүгін еліміз бойынша ауа райы құбылмалы - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміз бойынша ауа райы құбылмалы

16 наурыз, 2018, 09:25 2950
Бүгін еліміз бойынша ауа райы құбылмалы

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, кей жерлерде көктайғақ болып, желдің екпіні күшейеді.

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын жауып, оңтүстік-шығыста нөсерлі жауын жауады. Тек солтүстік, солтүстік батыста ғана күн ашық болады деп кітілуде. Кей жерлерде көктайғақ, жел күшейіп, бұрқасын болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің екпіні 15-20 м/с, Жамбыл облысында 23 м/с. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с. Маңғыстау облысында көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарында түнде және күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, Алматы облысында түнде жел жылдамдығы 15-20 м/с болады деп күтілуде. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ. Ақтөбе, Атырау облысында желдің жылдамдығы 18 м/с болады деп күтілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар