Бүгін еліміз бойынша ауа райы тұрақсыз болады

01 қараша, 2018, 09:21 3235
Бүгін еліміз бойынша ауа райы тұрақсыз болады

Кей жерде жел күшейіп, тұман түседі.

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, жауын жауып, тек батыста, оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.  Кей жерде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді.

Aқмола облысының кей жерінде көктайғақ, бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түcеді, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде көктайғақ болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей аумағында бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Aлматы, Қарағанды, түнде Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі, Қарағанды облысының кей жерінде көктайғақ болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар