Бүгін еліміз бойынша ауа райы жауын-шашынды - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміз бойынша ауа райы жауын-шашынды

06 тамыз, 09:29 2102
Бүгін еліміз бойынша ауа райы жауын-шашынды

Кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні күшейеді.

Бүгін атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерде найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман, күндіз найзағайлы жаңбыр жауады, Солтүстік Қазақстан облысында дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола облысының кей жерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

Қарағанды облысының кей жерінде найзағай, түнде тұман болады, күндіз жел 18 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерінде найзағайлы жауын жауады, жел екпіні 15-20 м/с жетеді,

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай болады, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге үдейді. Ақтөбе, түнде Атырау облыстарында найзағай болады.

Маңғыстау облысында күндіз кей жеррде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында түнде және таңертең кей жерде тұман болады.

Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысында, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары