Бүгін еліміз бойынша ауа райы жауын-шашынсыз - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміз бойынша ауа райы жауын-шашынсыз

29 қаңтар, 09:24 908
Бүгін еліміз бойынша ауа райы жауын-шашынсыз

Ел аумағы әлі де антициклонның ықпалында болады. Республиканың кей жерінде жел күшейіп, тұман түсіп, бұрқасын болуы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін жетеді, Қызылорда облысының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерінде бұрқасын болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с болып күшеюі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар (күндіз), Маңғыстау (түнде) облыстарының кей жерінде жел жылдамдығы 15-23 м/с дейін күшейіп, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерінде тұман болады.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.

Алматы облысында аяз сақталады, кей жерінде күшейе түседі, Жамбыл облысында да үскірік аяз жалғасады, кей жерде өте қатты аяз болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде аяз сақталады, солтүстік бөлігінің кей жерінде күн суытады.

Маңғыстау облысының кей жерінде өте қатты аяз болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде үскірік аяз болуы ықтимал.

Алматыда күн құбылмалы, ауа райы жауын-шашыныз -17-19°C аяз болады.

Астанада күн құбылмалы -15 -17°C суық болады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары