Бүгін еліміз бойынша күн жаңбырлы болады

06 қараша, 2018, 09:27 1935
Бүгін еліміз бойынша күн жаңбырлы болады

Aқмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және еліміздің батыс бөлігінде жауын-шашын болмайды. Кей жерде екпінді жел соғып, тұман түседі, көктайғақ, солтүстік-шығыста жаяу бұрқасын сақталады.

Aқмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. Кей жерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумағында жел 15-20 м/с күшейіп, Қостанай облысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Aтырау, Aлматы облыстарының кей аумағында тұман түседі, Aлматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар