Бүгін еліміз бойынша жауын жауып, шаңды дауыл соғады - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміз бойынша жауын жауып, шаңды дауыл соғады

02 тамыз, 09:17 1789
Бүгін еліміз бойынша жауын жауып, шаңды дауыл соғады

Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты 2 тамызда республиканың басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz  "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде және орталықта тұман болады деп күтілуде. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Павлодар, Қарағанды  облыстарының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, түнде және таңертен кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады. 

Алматы мен Маңғыстау облыстарында қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары