Бүгін еліміздегі метеожағдай қандай болады - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздегі метеожағдай қандай болады

20 шілде, 09:41 2949
Бүгін еліміздегі метеожағдай қандай болады

Қазақстанның бес қаласында метеожағдайлардың әсерінен ауада ластаушы заттар тарайды.

Синоптиктердің мәліметінше, Шымкент, Астана және Балқаш қалаларында метеожағдай нашарлап, ауа ластануы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Қарағанды мен Теміртауда жайсыз метеожағдай қалыптасады. ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.    

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары