Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы

19 наурыз, 09:48 2085 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы

Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты, еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, жауын-шашын болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде көктайғақ, бұрқасын, таңертең және кешке тұман, желдің жылдамдығы 15-20м/с, күндіз жел екпіні 23-28 м/с болуы мүмкін. Алматы облысында тұман. Жамбыл облысында жел екпіні 15-20 м/с, таңертең және кешке тұман болады деп күтілуде. Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында көктайғақ, желдің екпіні  15-20 м/с болуы ықтимал.

Маңғыстау облысында тұман, желдің екпіні 15-20 м/с. Атырау облысында тұман, көктайғақ пен бұрқасын болады деп күтілуде. Таңертең және кешке желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Қостанай, Солтүстік-Қазақстан және күндіз Павлодар облыстарында желдің екпіні 15-20,кей жерлерде 23-28 м/с. Қарағанды облысында тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с. Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ, түнде және кешке тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады деп күтілуде.