Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы

01 наурыз, 09:12 1228 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, кей өңірлерге қалың қар жауады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың басым бөлігіне тұман түседі. Батыс Қазақстанда қар жаумайды. Кей жерлерде жел күшейіп, боран соғып, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарына тұман түсіп, боран соғады. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, екпіні 23-28м/с жетеді.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, тұман түсіп, боран болады.

Алматы облысында күндіз жел секундына 15-20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысында тұман болады. Қостанай облысында боран соғып, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында ауа райы тұманды болады.

Ұқсас жаңалықтар