Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Написать нам
27 шілде, 2018, 09:26 3305
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күшеюі мүмкін.

Қазақстанның басым бөлігінде антициклон ықпалы сақталады, атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты тек солтүстік, орталық және шығыс бөлігінің кей жерлерінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жел күшейіп оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, түнде және таңғы уақыттарда солтүстік және орталықта тұман түседі, күндіз солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшеюі мүмкін. Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, кей жерлерде Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, кей жерлерінде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!