Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

04 тамыз, 2018, 09:51 2689
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Жауын, бұршақ жауып, жел екпіні кешейеді.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты 4 тамызда республиканың басым бөлігінде жаңбырмен найзағай, дауылды жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды  BNews.kz  "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Түнде және таңертең  солтүстікпен орталықта тұман күтіледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауылды жел соғуы мүмкін, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең тұман болады.

Алматы, Қостанай, күндіз Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде дауылды жел соғады.

Күндіз Павлодар, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық  күтіледі. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!