Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

16 қазан, 2018, 09:17 2928
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Кей жерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың кей жерінде қатты жаңбыр жауады, тек оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, жел жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күшейеді.

Aқмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с жетеді. Aлматы, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Aтырау, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар