Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды

16 сәуір, 2018, 09:21 1869
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды

Кей жерлерінде тұман түсіп, жел екпіні күшейеді.

Атмосфералық ауа ағымдарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды, оңтүстікте найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл соғады деп күтілуде.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, тұман болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с, кей жерлеріне тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады деп күтілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!