Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды

20 наурыз, 2018, 09:25 4825
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды

Бүгін Астанада  күн құбылмалы, тұман. Оңтүстік батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, ауа температурасы -2-4 градус.

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды, тек батыста, оңтүстік-шығыста күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын және жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ, күндіз кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады.

Маңғыстау облысында тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман түседі деп күтілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!