Бүгін еліміздің басым бөлігінде аязды ауа райы сақталады

10 желтоқсан, 2018, 09:34 2738
Бүгін еліміздің басым бөлігінде аязды ауа райы сақталады

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оңтүстік циклонның шығуына байланысты оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық және солтүстік аймақтарының кей жерлерде жауын-шашын болады, қалған аумағында аязды ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады деп болжануда. Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Атырау облысында - кей жерлерде көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар