Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

02 ақпан, 09:28 1608
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

Солтүстік, шығыс пен оңтүстік-батыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 24-29 м/с сақталады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с болады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады, Маңғыстау облысында түнде жел 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Қарағанды облысында күндіз жел 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары