Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

Еліміз оңтүстігінің кей жерінде жел тұрады.

Оңтүстік циклонның салдарынан еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болады, деп хабарлады Қазгидромет.

Солтүстікте тұман, кей жерде бұрқасын, желдің екпіні 15-20 м/с. Костанай облысында бұрқасын болады деп күтілуде.

Еліміздің оңтүстігінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жел екпіні 30 м/с дейін жетуі мүмкін. Алматы облысында да желдің екпіні 15-20 м/с жетеді деп күтілуде.

Еліміздің батысында тұман түседі.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, жел жылдамдығы 15-20 м/с.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары