Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

06 ақпан, 09:04 337
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

Ауа райын болжау мамандарының мәліметінше, бүгін еліміздің көп аумағында бұрқасын болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек елдің оңтүстігі мен солтүстік-батысында ғана қар жаумайды. Кей жерге тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасындатады, жел күшейеді.

Алматы облысының бірқатар аймағында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-23 метрге дейін ұйытқиды.

Батыс Қазақстан облысының бірқатар аймағында боран, көктайғақ болып, түнде жел секундына 15-20 жылдамдықпен соғады.

Атырау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, түнде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында тұман түседі деген болжам бар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары