Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі

19 ақпан, 09:20 257
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі

Еліміз бойынша ауа райы құбылмалы.

Дүйсенбі күні еліміздің оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік-шығыс аймақтарында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Астанада қар жауып, күн құбылмалы болады. Түнде температура -19 -21, күндіз -10-12.

Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде - 5 -7, күндіз  -2 – 4 градус суық.

Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болады деп күтілуде.

Батыс Қазақстан обласының кей жерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Жел екіпіні 15-20 м/с.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с дейін жетеді, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын.  

Қызылорда, Атырау, Актөбе облыстарында да тұман, жел екпіні 15-20 м/с. Манғыстау облысының кей жерлерінде тұман және көктайғақ болады деп күтілуде. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары