Бүгін еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, жел екпіні күшейеді - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, жел екпіні күшейеді

12 наурыз, 2018, 09:22 1253
Бүгін еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, жел екпіні күшейеді

Еліміз бойынша ауа райы құбылмалы.

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты 12 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, оңтүстікте және шығыста жауын-шашынды. Республиканың көп жерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды  BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысында желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста желдің жылдамдығы 30 м/с, кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерінде тұман.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, найзағай, желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде бұрқасын болады.

Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде - көктайғақ, Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Алматы облысының кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар