Бүгін еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен бұрқасын болады

27 қараша, 2018, 09:24 1694
Бүгін еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен бұрқасын болады

Қарағанды, Aтырау, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Синоптиктерінің болжамына қарағанда, ел аумағының басым бөлігі белсенді фронталды жүйеде болуына байланысты, жауын-шашын, оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. Кей жерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін.

Aлматы облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 25 м/с күшеюі ықтимал, түнде кей жерінде тұман түседі.

Aқмола, Қостанай облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман, бұрқасын, Қостанай облысында көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұрқасын болады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, Түркістан Жамбыл облыстарында жел 15-23 м/с күшеюі мүмкін.

Павлодар, күндіз Aқтөбе облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Aтырау, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар