Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Написать нам
22 қазан, 2018, 09:11 571
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Кей жерде ғана жауын-шашын жауып, жел күшейеді.

Еліміздің басым аумағында жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Тек республиканың солтүстік жартысында циклонның өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.

Кей жерде жауын-шашын жауады, жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.

Aқмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысында түнде кей жерде жаяу бұрқасын болады.

Aлматы, Жамбыл, Aтырау облыстарының кей жерінде тұман түседі. Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!