Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

03 тамыз, 09:17 3199
Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағаймен бірге жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстанның басым аумағында жел күшейіп, кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал. Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, күндіз Маңғыстау облыстарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ал Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Түркістан облыстарында, кей жерлерде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары