Бүгін еліміздің басым бөлігінде шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін

25 шілде, 2018, 09:21 1743
Бүгін еліміздің басым бөлігінде шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін

Ал еліміздің батысында күн қатты ысиды.

25 шілде күні антициклон Қазақстанның басым бөлігінің ауа райына әсер етеді. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. Республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жекелеген өңірде тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарында бұршақ болуы мүмкін.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысында оған күндіз шаңды дауыл араласады.

Сондай-ақ Ақтөбе, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде қатты ыстық болады.

Бұдан басқа, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!