Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

11 желтоқсан, 2018, 09:26 2067
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Кей жерлерде бұрқасынды жел күшейеді.

Оңтүстік циклон әсерінен республиканың солтүстік, шығыс,  оңтүстік-шығыс және орталық жерлерінде жауын-шашынды болады,  ал қалған аумағында ауа райы ашық. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, бұрқасынмен жел күшейеді, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел күшеюі 18-23, екпіні 28 м/с сақталады.

Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады.

Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, Қарағанды облысында – кей жерлерде көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман болады деп болжануда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!