Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады - Жаңалықтар | BNews

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

08 ақпан, 09:29 1520
Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман түседі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түсіп, тек батыста, оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с-ға жетеді. Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын соғады және желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі. Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерде желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман болып, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді. Павлодар облысының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с-ға жетіп, күндіз кей жерінде көктайғақ болуы мүмкін.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді. Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары