Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Написать нам
08 қараша, 2018, 09:51 3366
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз.

Бүгін республика аумағының басым бөлігі бұрынғыша белсенді фронттардың ықпалында болғандықтан, ауа райы тұрақсыз болады. Республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерінде жел күшейеді, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Aқмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, түнде кей жерінде жел күшейіп, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, басым бөлігінде жел 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумағында тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысында көктайғақ, басым бөлігінде жел 15-20 м/с, кей жерінде 25 м/с дейін күшейеді.

Aлматы, Жамбыл облыстарының кей аймағында тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с, Жамбыл облысында желдің екпіні 23 м/с күшейеді.

Қызылорда, түнде Түркістан, күндіз Aқтөбе облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында кей жерде тұман түсуі мүмкін.

Маңғыстау, Aтырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!