Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

31 қазан, 2018, 09:45 1823
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Кей жерде жел екпіні күшейіп, бұрқасындатады.

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын болады, тек республиканың батысында жауын жаумайды. Кей жерде екпінді жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Aқмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ сақталады, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын болады.

Қарағанды облысының кей аумағында көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел күшейеді, екпіні 15-20 м/с жетеді, түнде кей жерінде жаяу бұрқасын болады.

Жамбыл облысында таңертең және күндіз тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Павлодар облыстарында, күндіз Aлматы, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз жел 15-22 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей аумағында түнде тұман түседі. Aтырау облысының кей жерінде түнде көктайғақ болуы ықтимал.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!