Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел екпіні күшейеді - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел екпіні күшейеді

18 мамыр, 09:46 2297 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел екпіні күшейеді

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Жел екпіні кей жерлерде 25 м/с жетуі мүмкін.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жауын жауып, найзағай жарқылдайды. Тек республиканың оңтүстік бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтілуде. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы күшейіп 15-20м/с, күндіз кей жерлерінде 23-28 м/с жетеді, сондай-ақ Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Павлодар облысында күндіз жел жылдамдығы 15-20, кей жерлерінде екпіні 25 м/с дейін жетеді. Шығыс Қазақстан, Қостанай, түнде Қарағанды, Алматы, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с күшейіп, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары