Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел екпіні күшейеді

26 сәуір, 2018, 09:25 1679
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел екпіні күшейеді

Тек оңтүстік пен оңтүстік батыста жауын-шашынсыз.

Атмосфералық ауа ағымдарының өтуіне байлансты республиканың басым бөлігінде  жауын жауады, тек оңтүстік пен оңтүстік батыста күн ашық. Кей жерлерде тұман түсіп,  жел екпіні күшейеді, солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік-Қазақстанда, түнде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады деп күтілуде. Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Павлодар, күндіз Қарағанды облысының кей аймақтарында жел екпіні 15-20 м/с болады деп болжануда. Шығыс-Қазақстан, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл, Батыс-Қазақстан облысында тұман, найзағай ойнап, жел екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-Қазақстан, Атырау облыстарында түнде - найзағай ойнайды, Атырау обысында - тұман. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел екпіні 18-23 м/с болады деп күтілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар