Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

14 наурыз, 2018, 09:27 1255
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Астанада ауа райы құбылмалы, таңертең және кешке қар жауып, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с болады деп күтілуде.

Астанада ауа райы құбылмалы, таңертең және кешке қар жауып, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с болады деп күтілуде. Ашық ауа райы еліміздің батыс бөлігінде ғана сақталады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола, Қостанай облыстарында қар жауып, тұман түседі, желдің екпіні  15-20 м/с, ауа температурасы 0-5 және -8-13. Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында күндіз жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, ауа температурасы -4-9 және -5-10.

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Қарағанды облысында желдің екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, жел екпіні күшейіп 15-20 м/с болады деп күтілуде, көктайғақ, +1+6 және 0-5. Оңтүстік Қазақстанда жауын-шашын болмайды. Тұман және көктайғақ, ауа температурасы  5+10. Алматы облысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, тұман түседі, +6+11.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе олбыстарында жауын-шашынсыз, ауа температурысы күндіз +1+6, 0-5, -8-13 түнде -10-15 болады деп күтілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар