Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады   - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады  

14 қыркүйек, 2018, 09:06 3429
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады  

Тек республиканың солтүстігінде фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады.

14 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстігінде фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, кей жерде найзағай ойнайды. Жекелеген аумақтарда жел күшейеді. Оңтүстікте оған шаңды дауыл араласады. Шығыста және оңтүстік-шығыста тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облыста күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерінде түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-25 м/с артады.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарының, күндіз Атырау облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында оған шаңды дауыл араласады.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.

Түнде Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Ал Қарағанды облысында 1-6 градус үсік болжанады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар