Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі

04 желтоқсан, 2018, 09:22 1579
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, батыста көктайғақ, солтүстік пен шығысыта жаяу бұрқасын болады.

4 желтоқсанда республиканың басым бөлігі антициклон әсерінде болады, соған байланысты жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, тек солтүстік және шығыс аудандардан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жаууы, оңтүстік пен шығыста жел соғуы сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, батыста көктайғақ, солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.  

Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, түнде жел 15-20 м/с болады, Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі күтіледе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болады.

Павлодар, Маңғыстау облыстарының түнде кей жерлерінде тұман түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар