Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел соғып, көктайғақ болады - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел соғып, көктайғақ болады

26 ақпан, 09:20 586
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел соғып, көктайғақ болады

Орталық және шығыс өңірде ауа-райы жауын-шашынсыз.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, тек республиканың оңтүстік-шығысында, орталығында және шығысында жауын-шашын болмайды,  деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің кей жерінде жел күшейеді, бұрқасын соғып, батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 25 м/с күшейеді.

Жамбыл, Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерінде көктайғақ болады.

Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, бұрқасын болуы ықтимал.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары