Бүгін еліміздің басым бөлігінде бұрқасын мен көктайғақ болады - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздің басым бөлігінде бұрқасын мен көктайғақ болады

21 ақпан, 09:20 624
Бүгін еліміздің басым бөлігінде бұрқасын мен көктайғақ болады

Сәрсенбі күні ауа райы құбылмалы. Еліміздің кей жерлерінде қар жауып, бұрқасын болады.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түседі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Қостанай, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман мен бұрқасын болады деп күтілуде.

Алматы, Акмола облыстарында желдің екпіні 15-22 м/с, Акмола облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, оңтүстік-батыс облысында желдің жылдамдығы 30 м/с болуы мүмкін.

Оңтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-23 м/с. Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-25 м/с, бұрқасын болады деп күтілуде. Шығыс-Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында көктайғақ болады деп күтілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары