Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қалың қар жауады - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қалың қар жауады

15 ақпан, 09:28 1154
Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қалың қар жауады

15 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

 

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қалың қар жауады, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кей жерлерде бұрқасын болып, тұман түседі, ал оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болып, жел 15-20, түнде Жарма ауданында 25 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, түнде жел 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, Қарағанды облысында жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Астанада таңертең қар жауып, батыстан және солтүстік батыстан соғатын желдің екпіні – 9-14 м/с, ауа температурасы -15-17 градусқа төмендейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары