Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қар жауады - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қар жауады

05 ақпан, 09:20 680
Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қар жауады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек оңтүстік-батыста, оңтүстікте, солтүстікте, солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Түнде Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын және жел 15-23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей аумағында жел 15-20 м/с жетіп, бұрқасын болады.

Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының кей аумағында тұман, жел 18 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары