Бүгін еліміздің кей аумақтарында шаңды дауыл соғып, жаңбыр жауады

18 шілде, 2018, 09:27 2427
Бүгін еліміздің кей аумақтарында шаңды дауыл соғып, жаңбыр жауады

Тек оңтүстікте, солтүстікте және еліміздің орталық бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz  "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 18 шілде күні түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 18 м/с болады. Кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін. Ақтөбеде 18 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

18-20 шілде күндері күндіз Жамбыл облысында 38 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал.

Күндіз Қызылорда облысының көп бөлігінде 42 градусқа дейінгі қатты ыстық болады. Кей жерлерде таңертең және күндіз солтүстік-шығыс, шығыстан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Шаңды дауыл тұрады.

18 шілдеде күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан  жылдамдығы 15-20 м/с екпінде жел соғады. Ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріледі. 

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарында және Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар