Бүгін еліміздің кей өңірлерінде жауын жауады

10 Июля, 2018, 09:25 1867
Бүгін еліміздің кей өңірлерінде жауын жауады |  | BNews.kz

Оңтүстікте түнде және таңертең дауыл тұрады.

Бүгін еліміздің кейбір өңірлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстікте түнде және таңертең дауыл тұрады. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында және шығыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең жекелеген аумақтарда тұман түседі.

Ақмола облысында күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысында түнде және таңертең дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қостанай облысында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында күн ысиды, кей жерлерде аптап ыстық болады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Маңғыстау облысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі жоғары.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13929

Похожие новости