Бүгін еліміздің кей жерінде тұман түсіп, бұрқасын болады - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздің кей жерінде тұман түсіп, бұрқасын болады

01 ақпан, 09:33 1593
Бүгін еліміздің кей жерінде тұман түсіп, бұрқасын болады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігі антициклон әсерінде болады, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың батыс аймақтарына қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін.

Алматы облысында желдің екпіні 24-29 м/с.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жел күшейіп 23 м/с жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман сақталады, Маңғыстау облысында көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, Ақтөбе облысының кей жерінде тұман түседі.

Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары