Бүгін еліміздің кей жерлерде қар жауып, тұман түседі

12 ақпан, 2018, 09:20 863
Бүгін еліміздің кей жерлерде қар жауып, тұман түседі

Республиканың солтүстік-батысында бұрқасын болады.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік-батысындағы кей жерлерде қар жауады. Ал оңтүстікте және оңтүстік-батысында аздаған жауын-шашын болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның басқа аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі.

Республиканың солтүстік-батысында бұрқасын болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-23 м/с, түнде тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында тұман түседі, күндіз көктайғақ болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар