Бүгін еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады

10 наурыз, 2018, 11:27 527
Бүгін еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Атмосферелық ағымдардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауып, оңтүстік-шығыста күн ашық болады.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын, ал оңтүстікте найзағай болады деп күтілуде. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде бұрқасын жел соғып, көктайғақ болуы ықтимал.

Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болса, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтілуде.

Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз желдің ұйытқуы 15-20м/с дейін күшеюі мүмкін.

Жамбыл облысында жел  екпіні 15-20м/с болады деп болжануда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар