Бүгін еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі

30 қаңтар, 09:20 966
Бүгін еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі

Қазақстанның ауа райы әлі де антициклон ықпалында болады, соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, бұрқасын болып, оңтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысында да жел 20-25 м/с, түнде кей жерлерде тұман түседі.

Жамбыл, Ақмола облыстарының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысында қатты аяз сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары