Бүгін еліміздің солтүстігінде бұршақ жауып, оңтүстігінде қатты ыстық болады

09 тамыз, 2018, 09:16 1650
Бүгін еліміздің солтүстігінде бұршақ жауып, оңтүстігінде қатты ыстық болады

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді деп болжауда.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағаймен бірге өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді. Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Қостанай, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, күндіз  бұршақ болуы мүмкін, жел найзағай кезінде 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік-Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Атырау, Батыс-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, күндіз Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күшейеді, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, кей жерлерде Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады.

Қызылорда, кей жерлерінде Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар