ХҚКО-ларға келушілерге Наурыз көже мен бауырсақ берілді - Жаңалықтар | BNews

ХҚКО-ларға келушілерге Наурыз көже мен бауырсақ берілді

20 наурыз, 2018, 17:20 4733 Астана
ХҚКО-ларға келушілерге Наурыз көже мен бауырсақ берілді

Бүгін халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары азаматтарды ұлттық киімдермен қарсы алды.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары жұмысқа ұлттық киімдермен келіп, азаматтарды мерекелік көңіл-күймен қарсы алды. Орталыққа келушілер Наурыз көже мен бауырсақтан дәм татты, деп хабарлайды BNews.kz

"Бүгін біздің фронт-офистерімізге келген азаматтар мемлекеттік қызметтерді алып қана қоймай, Наурыз көже мен түрлі ұлттық тағамдардан дәм татты. Наурыз - күн мен түн теңеліп, жарық пен жақсылық күшін асырған, ырыс пен береке тасыған ұлық мереке. Жаңару мен жасампаздық жаршысына айналған әз Наурыз баршаңызды береке-бақытқа бөлеп, ойға алған арман-мұраттарыңызға жеткізе берсін", - деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов.

Көрсеткен құрметке риза болған азаматтар да өздерінің игі тілектерін айтты.

"Бүгін дайын болған құжаттарымды алып кетуге келсем, ХҚКО-да мені құшақ жая, мерекелік тілектермен қарсы алды. Үлкен ықыласпен қызмет көрсетіп, сосын түрлі тағамдарға толы дастарқанға шақырды", - дейді Қостанай облысының тұрғыны Қорлан Қараулова.

Ал Ақтөбе қаласының тұрғыны Нұрсұлтан Ағиса үшін ХҚКО-дағы мерекелік іс-шаралар - биылғы мейрамның жаршысындай.

"Расын айтқанда, қарбаласпен жүріп, мерекеге өз деңгейінде мән бермейміз ғой, бірақ мына жастардың ұлық мейрамға, соның ішінде дәстүрімізге деген ықыласы менің көңілімді толқытып, жанымды жадыратты", - дейді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар