Бүгін Қазақстанда бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады

29 қараша, 2018, 09:24 1203
Бүгін Қазақстанда бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады

Республиканың басым бөлігінде қатты жауын-шашын болып, жел күшейеді.

Қазақстанның аумағы белсенді фронтальды аймақтың ықпалында орналасуына байланысты жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады, жел күшеюі сақталады, солтүстікте бұрқасын соғады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы күтіледі, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысында жел күшейіп, түнде кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан асады, кей жерлерде көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысында күндіз жел секундына 15-20 метр күшейеді, екпіні 25 м/с, кей жерлерде 30 м/с асады, кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/скүшейеді.

Атырау, Маңғыстау облыстарындың кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар