Бүгін Қазақстанда жаңбыр мен бұршақ жауып, жел күшейеді - Жаңалықтар | BNews

Бүгін Қазақстанда жаңбыр мен бұршақ жауып, жел күшейеді

30 шілде, 09:16 1913
Бүгін Қазақстанда жаңбыр мен бұршақ жауып, жел күшейеді

Синоптиктер оңтүстікте шаңды дауыл болады, ал солтүстікте тұман күтіледі деп болжауда.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде аздаған өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстікте жел күшейіп, шаңды дауыл болады, түнде және таңертең солтүстікте тұман күтіледі, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-25 м/с күшейіп, түнде және таңертең тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, желдің 18 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауылмен жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл облысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерінде шаңды дауылмен жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында найзағай болып, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Атырау облысында түнде кей жерлерде найзағай күтіледі.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары  өрт қауіпі сақталады.        

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары