Бүгін Қазақстанда жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі

06 желтоқсан, 2018, 09:04 3136
Бүгін Қазақстанда жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі

Республиканың кей жерлерінде тұман, батыста-көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі.

Республиканың басым бөлігі антициклон әсерінде болады, соған байланысты жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, тек солтүстік аудандардан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, оңтүстік-шығыста жел сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, батыста-көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктердің болжауынша, Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар