Бүгін Қазақстанның басым аймағында екпінді жел соғады

22 қараша, 2018, 09:21 1223
Бүгін Қазақстанның басым аймағында екпінді жел соғады

Республиканың оңтүстігінде қалың қар жауады.

22 қарашакда Қазақстанның басым бөлігі әлі де терең және белсенді фронталды жүйеде сақталады, соған байланысты жауын-шашын түседі, республиканың оңтүстігінде қалың қар жауады. Еліміздің кей жерінде екпінді жел тұрып, тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМҚ-ға сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күші түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде тұман, желдің күші түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерде 23-28 м/с.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с.

Алматы облысында түнде кей жерде тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с.

Қызылорда облысының кей жерінде көктайғақ тұман, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар