Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, жауын-шашын болады

18 қазан, 2018, 09:27 3776
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, жауын-шашын болады

Кей жерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.

18 қазанда республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, жауын-шашын болады. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында күн ашық болады. Кей жерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Aқмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы15-20 м/с, Жамбыл облысында екпіні 23 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Қостанай, Aлматы, Aтырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде түнде және таңертең тұман түсіп, қатты жел соғады. Aлматы облысының кей жерінде көктайғақ болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар